Қазақстанда «шетел агенті реестрі» жарияланды

Тізімге үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген адамдар енген


20/09/2023
15:53 14641 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында «мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын» адамдар мен ұйымдардың тізімі жарияланды. Тізімге 240 ұйым мен жекелеген адамдардың аты-жөні енген. Оның ішінде адамдардың ЖСН-і де ашық көрсетілген. 

 

Тізім қаржы министрлігіне қарасты салық органы жүргізетін есеп негізінде жасақталған. Салық кодексінің 29-бабы бойынша, шетелден қаржы алатын ұйымдар мен жекелеген адамдар есеп беруге міндетті. Бірақ бұл талап мемлекеттік органдар мен шенеуніктерге әсер етпейді. 

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған тізімде «Адам құқықтарын қорғау бюросы», «Халықаралық құқықтық бастама», «Ар. Рух. Хақ» үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары мен Динара Егеубаева, Дилара Иса сияқты жекелеген журналистер бар. 

 

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері билік тарапынан бақылаудың күшеюін өздерінің жұмыстарына кедергі жасау деп есептейді. Олар осы арқылы билік өзіне бағынбайтын ұйымдарды бақылауда ұстағысы келеді дейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

20/09/2023 15:53
14641 0

Уведомление